«Зиянды заттар – өмірге төнген қауіп» » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шығанақ орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"Шығанақ орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2026

«Зиянды заттар – өмірге төнген қауіп»

6 сәуір күні  «Зиянды заттар – өмірге төнген қауіп» атты тақырыпта директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Жапаров мектепте оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында баяндама оқыды.Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Жапаров оқушыларға зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, темекі, алкоголь, есірткі және электронды темекінің (вейптің) адам денсаулығына тигізетін зияны туралы нақты мәліметтер берілді.Сонымен қатар, зиянды заттардың өкпе, жүрек-қан тамыр жүйесіне, ми қызметіне және иммунитетке әсері айтылып, олардың түрлі ауруларға әкелетіні түсіндірілді. Жастар арасында зиянды әдеттердің таралу себептері (қызығушылық, қоршаған орта, достар ықпалы) талқыланды.Іс-шара барысында оқушыларға зиянды әдеттердің алдын алу жолдары ұсынылды. Атап айтқанда, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, дұрыс орта таңдау және үлкендердің кеңесіне құлақ асу қажеттілігі атап өтілді.Баяндаманың қорытынды бөлімінде оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Іс-шара «Денсаулық – зор байлық, зиянды әдет – сор қайғы!» ұранымен аяқталды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив