29
апрель
2026
“Біз әлемнің болашағы” атты мектепшілік дебат турнирі
Шығанақ орта мектебінде сәуір айының 29 күні 8 сынып оқушылары арасында “Біз әлемнің болашағы” атты мектепшілік дебат турнирі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі нақты жеткізе білуге үйрету, қоғамдық маңызды мәселелерге бей-жай қарамайтын белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру. Сонымен қатар, пікірталас мәдениетін жетілдіру, қарсы пікірді құрметтей отырып дәлелді аргументтер келтіру дағдыларын қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерін шыңдау болып табылады.