«Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі және оқушы қауіпсіздігі». » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шығанақ орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"Шығанақ орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2026

«Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі және оқушы қауіпсіздігі».

11 наурыз күні   ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың тақырыбы – «Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі және оқушы қауіпсіздігі». Мақсаты: •  Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және отбасының рөлін күшейту; Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру;Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен әрекет қалыптастыру; Баланың психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ көзқарас қалыптасты.Жиналыс барысында отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сынып жетекші ата-ананың бала өміріндегі рөлі, тәрбиедегі үлгі-өнеге, бақылау мен сенімнің маңыздылығы туралы баяндады. Сонымен қатар, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ашық қарым-қатынас орнату – құқықбұзушылықтың алдын алудың негізгі жолдарының бірі екені атап өтілді.Оқушы қауіпсіздігі мәселесі бойынша К. Жапаров сөз сөйлеп, ата-аналарға баланың мектепке бару-келу уақытын бақылау, интернет қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік желідегі белсенділігін қадағалау және түнгі уақытта заң талаптарын орындау жөнінде кеңестер берді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі екені айтылды.Мектеп психологі зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Мектепте түсіндіру сағаттары, психологиялық тренингтер ұйымдастырылатыны, сенім жәшігі мен сенім телефондары жұмыс істейтіні хабарланды. Ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару және қажет болған жағдайда мектеп мамандарына жүгіну ұсынылды.Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Іс-шара өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив