Шығанақ орта мектебінде 7-17 наурыз аралығында «Қайырымды ұлт»
Шығанақ орта мектебінде 7-17 наурыз аралығында «Қайырымды ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. "Қайырымды ұлт" акциясының мақсаты қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру. Board of Trustees мүшелері, жеке кәсіпкерлер, балабақша ұжымы мен мектеп ұжымы ауқымды іс-шараға белсене ат салысты. Акция аясында аз қамтылған, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы оқушыларына көмек көрсетілді. «Қайырымды ұлт» акциясы одан әрі жалғасын табуда.