11
март
2026
«Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі және оқушы қауіпсіздігі».
11 наурыз күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың тақырыбы – «Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі және оқушы қауіпсіздігі». Мақсаты: • Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және отбасының рөлін күшейту; Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру;Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен әрекет қалыптастыру; Баланың психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ көзқарас қалыптасты.Жиналыс барысында отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сынып жетекші ата-ананың бала өміріндегі рөлі, тәрбиедегі үлгі-өнеге, бақылау мен сенімнің маңыздылығы туралы баяндады. Сонымен қатар, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ашық қарым-қатынас орнату – құқықбұзушылықтың алдын алудың негізгі жолдарының бірі екені атап өтілді.Оқушы қауіпсіздігі мәселесі бойынша К. Жапаров сөз сөйлеп, ата-аналарға баланың мектепке бару-келу уақытын бақылау, интернет қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік желідегі белсенділігін қадағалау және түнгі уақытта заң талаптарын орындау жөнінде кеңестер берді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі екені айтылды.Мектеп психологі зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Мектепте түсіндіру сағаттары, психологиялық тренингтер ұйымдастырылатыны, сенім жәшігі мен сенім телефондары жұмыс істейтіні хабарланды. Родителям баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару және қажет болған жағдайда мектеп мамандарына жүгіну ұсынылды.Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Іс-шара өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

