31
March
2020
Таңымал түлек: Әбдрахман Ахметов туралы мәлімет
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі» филиалы қозғалыс қауіпсіздік бөлімінің бастығы.
«Құрметті теміржолшы»
1961 жылы 3 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Шығанақ орта мектебі бітірді. 1979-1981 жылдары аралығында Кеңес одағының әскерінде қызмет атқарды. 1981-1987 жылдары Алматы темір жол транспорты институтының «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығын аяқтады. Еңбек жолын осы институтты аяқтағаннан кейін өзі туған жері Шығанақ жол дистанциясының жол жөндеушісі болып бастады. 1987-1992 жылдары аралығында осы мекеменің жол бригадирі, еңбек жөніндегі аға инженері, желілік телім бастығы, жол шебері қызметтерін атқарды. Әрі қарай 1992-1995 жылдары Шығанақ жол дистанциясының бас инженері. 1995-2010 жылдары Шығанақ жол дистанциясының директоры. 2010-2013 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі» филиалының директоры. 2013-2019 жылдары Жамбыл жол дистанциясының директоры орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.
1992-2010 жылдар аралығында Мойынқұм ауданы мәслихатының үш шақырылымның депутаты.
2004 жылы еңбек жолында пойыздар қозғалысын қамтамасыз еткені, жүкті межелі орынға тасымалдау және жеткізу кезінде жоғарғы ұйымдастырушылықпен, темір жол көлігінің толассыз қозғалысын қамтамасыз ету жөнінде белсенділігі үшін, Қазақстан теміржолының жоғарғы наградасы «Құрметті теміржолшысы» наградасымен марапатталынды. 2009 жылы «Best басшы» наградасымен, 2008 жылы Біртұтатас Қазақ темір жолына 50 жыл» және 2004 жылы «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерекелік медалімен марапатталынды.
Мектептің жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларына көмек ретінде (25000 тенге) көлемінде қыстық сырт киім алып берді.