12
March
2026
«Жасөспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке не итермелейді?»
8–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасөспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке не итермелейді?» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге қонақ ретінде учаскелік полиция аға лейтенанты Р. Таханов, Шу ст.ЖПБ бастығының орынбасары Е.Б.Сеңгірбаев шақырылды. Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруІс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері талқыланды. Қонақ өз сөзінде қылмысқа итермелейтін негізгі факторларды атап өтті: отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі, теріс орта мен достар ықпалы, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің кері әсері, бос уақыттың дұрыс ұйымдастырылмауы және материалдық қиындықтарСонымен қатар, оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірме берілді. Құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін негізгі орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі екені атап өтілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.Іс-шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі пайдалы өтті.

